"Маған "албасты" деді": Меруерт Түсіпбаева Майра Ілиясоваға ренішін білдірді

13.05.2025 12:06
0
364
коллаж politico.kz

Халық әртісі Майра Ілиясова сахнадағы сіңілісі әнші Меруерт Түсіпбаеваны "албасты" деп тіл тигізген. Бұл болған жайт туралы Меруерт Түсіпбаева өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазып, ренішін білдірді, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Skifnews.kz ақпарат порталының мәліметінше, ол Майра Ілиясованың сахнаға дайындықсыз шығатын әншілерді, ішіп алып немесе толық болып шығатындарды сынап отырған видеосын салып, жазба жариялады.

Түсіпбаева өзінің алып-қосары бар екенін алға тартып, халық әртісіне ренішін білдірді.

Шүкір! Семіз емеспін, бос сөз айтып күлдірмеймін, мас күйімде сахнаға шықпаймын, ең бастысы —туфлиім де,арым да таза. Бірақ, мен үшін бас кеспек болса да тіл кеспек жоқ. Әлибидің адвокаттарына, халықтың жинаған ақшасына қатысты өршіген дау-дамайдан кейін, жаздың күні Майра апай, маған - "албасты", деді. Міне, мәдениет деген осы болар ….Тек бұл жалғаннан ерте озған Мадина Ералиева әпкеме арналған бағдарлама болған соң әруағын сыйлап, түсірімнің аяғына дейін тып-тыныш қана отырдым …Үндемедім, жауап қатпадым ….Бірақ жаман болдым, - деп жазды Меруерт Түсіпбаева. 

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий