Махаббат туралы жиі сөйлесеміз - Ләйлә Сұлтанқызы

Махаббат туралы жиі сөйлесеміз - Ләйлә Сұлтанқызы
25.10.2025 17:32
0
646
Әлеуметтік желі

Танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы ұлдарына қалай тәрбие беретінін айтты.

Ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына балаларымен қыдырып жүрген видео жариялап, мынандай жазба қалдырды:

Бұл жолы ұзақ сөйлестік. Әдетте видеоға сирек түсетін, тек рұқсаттарымен ғана сөйлесетін 16 және 18 жастағы ұлдарыммен достық форматта пікірлесемін. Тым жекеге бармаймын — ұялам ба, әлде “өздері біледі ғой” деп ойлаймын ба, білмеймін. Бірақ қыздарға деген құрмет, жауапкершілік, тұрақтылық жайлы жиі айтам — бұл мен үшін ең маңыздысы. Кейде екеуі ұрысып қалады. Ондайда эмоцияға берілмей, отырғызып сөйлесем, түсіндірем, кешірім сұратып татуластырам. Үлкеніне көбірек сенім артам: үйдің шаруасын, інісінің ортасын, ұсақ-түйек жөндеу, бақылау — бәрін соған тапсырам. “Әкесінің орнында сезінсін” деймін. 25-ке дейін үйленем деп отыр, деді ол.

Тележүргізуші туыстық байланысқа да мән беретінін айтты. Сонымен қатар, ұлдарынан үлкен қолдау алатынын да жеткізді.

Жақында үлкен ұлым: “Махаббатыңызды тапсаңыз, бізге қарамаңыз” деді. Күлкілі де, жүрекке де тиетін сөз болды. Махаббат туралы жиі сөйлесеміз — бәлкім жастық әсері шығар, бірақ әңгімелері ересекше. Қысқасы, менің ұлдарыммен әңгімем — достық, сенім және жауапкершілік туралы. Ал махаббат — сол әңгіменің ең жылы бөлігі, деді ол.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий