Маңғыстау облысындағы автобус апаты: тағы бір жолаушы көз жұмды
Ақтаудан Бейнеу ауданына бағыт алған жолаушылар мінген автобустың тағы бір жолаушысы ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды Politico.kz.
Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.
«Өкінішке қарай, осы оқиға орнында 4 адам қаза тауып және бір адам Бейнеу көпбейінді ауруханасына жеткізіліп, қаза тапты. Қазіргі таңда 13 адамның денсаулығы қанағаттанарлық жағдайда. 3 науқас реанимациялық бөлімде ем қабылдап жатыр», - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Бибізада Дүйсенбаева.
Еске салайық, 16 қаңтар түнгі сағат 01:30 шамасында Ақтау-Бейнеу тас жолында автобус апатқа ұшырап, оқиға орнында 4 адам қаза тапты.
Тағы 42 адам түрлі дене жарақаттарымен Бейнеу аудандық ауруханасына жеткізілді.
Аталған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, автобус жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Тергеу амалдары жалғасып жатыр.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
29.10.2026
13:30
Атырауда қазандықта жарылыс болды (ВИДЕО)
29.10.2026
13:08
«Қолын қайырып алып кетті»: Павлодарда қайта са...
29.10.2026
13:03
«9 жыл бұрын екі жаққа кеткенбіз»: Олжас Абай б...
29.10.2026
12:51
Ақмола облысында екі баланың анасын өлтірген ер...
29.10.2026
12:31
«Борат» фильмі үшін Саша Барон Коэн қазақтардан...
29.10.2026
12:15
Асханадан саунаға дейін: «Қазақмыс» жұмысшыларғ...