Маңғыстауда атыс болды: Екі адам ауыр жағдайда ауруханаға түсті

09.07.2026 23:12 Қарақат АСЫЛОВА
Маңғыстауда атыс болды: Екі адам ауыр жағдайда ауруханаға түсті
298

Маңғыстау облысының Ақшұқыр ауылында болған атыс салдарынан екі адам оқ жарақатымен ауруханаға түсті, деп хабарлайды Politico.kz сайты Lada.kz-ке сілтемемен.

Оқиға 9 шілде күні таңертең ауылдағы автокөлік жуу кешені маңында болған. Әлеуметтік желілер мен WhatsApp мессенджерінде оқиға орнынан түсірілген суреттер мен жараланған азаматтардың фотолары кеңінен тарады.

Облыстық аурухананың мәліметінше, қазіргі уақытта 2001 және 1999 жылы туған екі науқас ем қабылдап жатыр. 2001 жылы туған азамат хирургия бөлімшесіне жатқызылған. Дәрігерлер оған беті, мойны, екі қолы және кеуде қуысының оң жақ бөлігіне тиген көптеген бытыралы оқ жарақатын, сондай-ақ оң жақ гемоторакс диагнозын қойған. Ал 1999 жылы туған науқас хирургияның екінші бөлімшесінде ем алуда. Оның оң жақ сирағына бытыралы оқ тиіп, бет сүйектерінің бірнеше жері сынғаны анықталған.

Дәрігерлердің айтуынша, екі науқастың да жағдайы тұрақты бақылауда, оларға қажетті медициналық көмек толық көлемде көрсетіліп жатыр.

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын құқық қорғау органдары анықтап жатыр. Полиция әзірге ресми түсініктеме берген жоқ.

Войдите, чтобы оставить комментарий