«Асқар тауымнан айырылдым»: Дархан Мұсаев қаралы хабарды жеткізді
1626
Қазақстандық театр және кино актері, асаба Дархан Мұсаев әлеуметтік желідегі парақшасында қаралы хабарды жариялап, әкесінің дүниеден өткенін мәлімдеді, деп хабарлайды Politico.kz.
Өнер иесі жазбасында бұл күннің өзі үшін өміріндегі ең ауыр күн болғанын айтып, әкесін арқа сүйер тірегі ретінде сипаттады.
«Әкем бұл дүниемен қоштасты. Артымнан тірек болған, ақылын айтып, дұғасымен қорғаған асқар тауымнан айырылдым. Алланың жазуына разымыз. „Расында, біз Аллаға тәнбіз әрі Оған қайтушымыз“», — деп жазды Дархан Мұсаев.
Сондай-ақ ол көпшіліктен әкесінің рухына дұға бағыштауды сұрап, марқұмның жаны жәннаттан болуын тіледі. Желі қолданушылары мен өнер саласындағы әріптестері актерге көңіл айтып, қолдау білдіруде.
Айта кетейік, Дархан Мұсаев — қазақстандық театр және кино актері, асаба. Ол танымал актриса әрі продюсер Дариға Бадықованың бұрынғы жұбайы ретінде де көпшілікке таныс.
Соңғы жаңалықтар
08.10.2026
09:08
«Достық емес, Ленин»: қазақша көше атауларын мо...
08.10.2026
09:00
«Тіркеуден шығара беріңдер»: Мақпал Жүнісова Пр...
08.10.2026
09:00
«Баламызды соғыстан қайтарыңдар»: ата-аналар Сы...
07.10.2026
23:07
Тоқаев Түрікменстанға жұмыс сапарымен барды
07.10.2026
22:11
Алматыда автобуста жолаушыларды пышақпен қорқыт...
07.10.2026
21:44
Шымкентте су құбырын ауыстырмақ болған екі жұм...