Маңғыстауда тұрғындарды алаңдатқан белгісіз нысандардың сыры ашылды

22.04.2026 18:07 Қарақат АСЫЛОВА
Маңғыстауда тұрғындарды алаңдатқан белгісіз нысандардың сыры ашылды
384
Фото: Lada.kz
Құрық маңындағы белгісіз объектілер әскери жаттығу болып шықты

Маңғыстау облысында аспанда байқалған белгісіз нысандар әскери жаттығумен байланысты болды, деп хабарлайды Politico.kz сайты Lada.kz-ке сілтемемен.

Ақтау әскери бөлімінің баспасөз қызметі әлеуметтік желілерде тараған бейнежазбаға қатысты түсініктеме берді. Онда Құрық ауылы маңында аспанда жылдам қозғалған белгісіз нысандардың шын мәнінде әскери оқу-жаттығулар кезінде қолданылғаны айтылған.

21 сәуір күні теңіз полигоны акваториясында Әскери-теңіз күштерінің кемелері жоспарлы тапсырмаларды орындап, шартты нысандарға практикалық атыс жүргізген. Қауіпсіздік талаптарына сәйкес жаттығу басталар алдында және аяқталғаннан кейін сигналдық ракеталар пайдаланылған.

Әскери бөлім өкілдерінің мәліметінше, бейнежазбада көрінген жарық шарлар осы сигналдық құралдардың әсерінен пайда болған және тұрғындар үшін ешқандай қауіп төндірмейді. Сондай-ақ мамандар халықты сабыр сақтап, тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырды.

Еске салайық, бұған дейін Маңғыстау облысының тұрғындары аспанда жылдам ұшып өткен шар тәрізді белгісіз нысандарды видеоға түсіріп, олардың табиғатына алаңдаушылық білдірген еді.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий