Мақпал Жүнісованың көлігіне не үшін айыппұл салынғаны белгілі болды
Қазақстанның Халық әртісі Мақпал Жүнісова Өскемен қаласында жол полициясы қызметкерлеріне қатысты ренішін білдіргеннен кейін, бұл жағдайға байланысты Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті ресми түсініктеме берді, деп хабарлайды Politico.kz.
Әншінің айтуынша, гастрольдік сапар барысында мінген көлігі тәртіп сақшылары тарапынан тоқтатылып, біраз уақытқа дейін жіберілмей, кейін айыппұл салынған.
Полиция мәліметінше, оқиға 3 мамыр күні Өскемен қаласындағы Бажов көшесінде болған. Сол күні «Lexus LX 570» маркалы автокөлік тоқтатылып, тексеру барысында көліктің алдыңғы бүйір әйнектеріне қара түсті тонировка жапсырылғаны анықталған.
Осы құқықбұзушылыққа байланысты жүргізуші көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Құзырлы орган өкілдері барлық әрекет заң аясында жүргізілгенін атап өтті.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
17.10.2026
21:37
Пара алудан ақшаны жылыстатуға дейін. Астанада ...
17.10.2026
17:31
Бостандыққа шығуына санаулы күн қалған: Атбасар...
17.10.2026
16:58
Мемлекетке сыйлық: Нұрасыл Медеу ерекше шешім қ...
17.10.2026
16:22
Шымкенттегі шудан кейін Қайрат Нұртастың концер...
17.10.2026
15:35
«Басыңды кесіп аламын»: Астанада ер адам 11 жас...
17.10.2026
14:17
Динара Сәтжан сәби күтіп жүр ме? Желіде жұртты ...