Мәсімов, Перизат Қайрат және Бишімбаев рақымшылыққа іліге ме?

03.06.2026 11:08 Әсел МҰРАТ
Мәсімов, Перизат Қайрат және Бишімбаев рақымшылыққа іліге ме?
163
Фото: коллаж politico.kz

Елімізде бір мезетте қылмыстық және әкімшілік амнистия жүргізу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Politico.kz.

Мәжіліс депутаты Снежанна Имашеваның айтуынша, қылмыстық амнистия шамамен 16,5 мың адамға қатысты болады. Оның ішінде 1200 адамға қатысты қылмыстық іс тоқтатылады, 10 мыңнан астам сотталушының мерзімі қысқартылады, ал 5 мыңға жуық адам бостандыққа шығарылады. Түрмеден шамамен 1500 адам босатылады. Бұл амнистия қылмыстық, шағын және орташа ауырлықтағы қылмыстарды жасағандарға қолданылады.

Заң жобасында ауыр және аса ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталғандардың материалдық залалды толық өтеген жағдайда мерзімінен бұрын босатылуы немесе жазасының жеңілдетілуі мүмкін екені көрсетілген.

Мәсімов, Перизат Қайрат және Бишімбаевқа рақымшылық жасалмайды. Мұны ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов айтты.

Санжар Әділовтың айтуынша, мұндай тұлғаларға қатысты амнистия қолданылмайды. 

«Өйткені Қылмыстық кодекстің 78-бабы терроризм, экстремизм, мемлекетке опасыздық, сыбайлас жемқорлық немесе қылмыстық топпен байланысты қылмыстар үшін сотталған адамдарға рақымшылық жасауға тікелей тыйым салады. Сондықтан бұл тұлғаларға рақымшылық қолдану мәселесі ешбір жағдайда көтерілмеген және көтерілмейді де», - деді Әділов.

Войдите, чтобы оставить комментарий