Мәскеу–Астана рейсінде мас жолаушы шу шығарып, 12 тәулікке қамалды
412
Мәскеуден Астанаға ұшып келген ұшақ бортында тәртіп бұзған шетелдік азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Politico.kz.
Оқиға рейс кезінде болған. Полицияның мәліметінше, 36 жастағы шетелдік азамат алкогольдік ішімдік ішіп, қоғамдық тәртіпті бұзған. Ол экипаж мүшелерінің талаптарына бағынбай, өзге жолаушыларға балағат сөздер айтқан.
Ұшақ Астана әуежайына қонғаннан кейін ер адам полиция қызметкерлеріне тапсырылды.
Сот шешімімен шетелдік азамат 12 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды. Сонымен қатар оның бұған дейін де алкогольдік ішімдік ішуіне байланысты жауапкершілікке тартылғаны анықталды.
Көліктегі полиция департаменті мұндай әрекеттердің әуе кемесінің бортындағы қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке кері әсер ететінін атап өтті.
Соңғы жаңалықтар
18.09.2026
22:21
Саясаткер Иманғали Тасмағамбетовтің әулетінде қ...
18.09.2026
21:57
Салтанат Байқошқарова: Ауылдағы баласы көп әжен...
18.09.2026
21:48
“Өз өмірін қатерге тікті”: Атырауда мешіт ұстаз...
18.09.2026
21:29
Тамаққа 49 мың құмырсқа қосқан мейрамхана айыпп...
18.09.2026
21:17
"Ағзам сау, бірақ тірі өлікпін". Дана Нұржігіт ...
18.09.2026
20:57
Дана Нұржігіт: Екінші рет тұрмысқа шыққаным – ө...