"Мен Әйкерімді жақсы көремін". Нұрлан Әлімжан Әйкерім Қалаубаевамен қандай қарым-қатынаста екенін айтты
5081
Соңғы кездері Нұрлан Әлімжан мен Әйкерім Қалаубаева жұрт көзіне жиі түсіп жүр.
Нұрлан Әлімжан екеуінің қарым-қатынасы туралы қауесетке нүкте қойды.
Нұрлан Әлімжан мен Әйкерім Қалаубаева ең алғаш танысқан кезде екеуі де өнерге енді қадам басып жатқан бозбала мен бойжеткен еді. Сол сәтте басталған достық пен сыйластыққа әлі күнге дейін сызат түспеген. "Ол кезде мен 17 жаста, Әйкерім 16 жаста еді. Қазір жасым 41-ге кетті. Ойлаңыз, біздің достығымызға 25 жыл болды. Алланың атымен ант етейін, бұл біздің таза достығымыз. Мен Әйкерімді өте қатты құрметтеймін, Әйкерімге деген құрметім достықтың ең жоғары шыңы шығар. Мен бұрын ойлайтынмын, өмірде қызбен дос болу мүмкін емес деп. Шындығында қызбен де дос болуға болады екен. Әйкерім сондай жан, кейбір ерлерге қарағанда кәдімгідей жігітше өзіндік мінезі бар. Сырттай қылығы нәзік болғанымен, ішінде жігітше дос бола білетін өзінің мәрттігі, адалдығы бар, өте ақылды, дана қыз. Сондықтан да мен Әйкерімді өте қатты бағалаймын, жақсы көремін", - дейді Нұрлан Әлімжан.
Соңғы жаңалықтар
06.07.2026
14:52
Бибісара Асаубаева жыл соңына дейін қазақ тілін...
06.07.2026
13:51
Елбасы қоры ресми түрде жабылды: Нұрсұлтан Наза...
06.07.2026
13:03
Назарбаев тағы бір президенттен құттықтау алды
06.07.2026
11:45
Respublica және "Ақ жол" партиялары сөз қағыстырды
06.07.2026
11:03
Тоқаев Назарбаевты туған күнімен құттықтады
06.07.2026
10:23
Алматы облысында егіз босанған 40-тағы ана көз ...