«Мен бұны бейжай қалдырмаймын»: Шенеунік мұғалімге қысым жасағаны үшін жазаға тартылды

18.03.2026 18:59 Қарақат АСЫЛОВА
«Мен бұны бейжай қалдырмаймын»: Шенеунік мұғалімге қысым жасағаны үшін жазаға тартылды
271
Фото: Tengrinews.kz
Қызын қорғаған шенеунік өзі жазаланды

Солтүстік Қазақстан облысында аудандық әкімдік бөлімінің басшы орынбасары мектепке жеке мәселемен барып, қызметтік әдепті бұзғаны үшін жазаланды, деп хабарлайды Politico.kz сайты Tengrinews.kz сайтына сілтемемен.

18 наурыз күні Петропавлда өткен әдеп жөніндегі кеңесте Қызылжар аудандық сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшы орынбасары Бақытжан Ташеваның тәртіптік ісі қаралды.

Тексеру мұғалімнің шағымынан кейін басталған. Онда шенеунік мектепке қызметтік автокөлікпен келіп, педагогқа қысым көрсеткені айтылған. Сонымен қатар, аудиожазбада ол мұғалімді жауапкершілікке тартатынын айтып, қорқытқан.Қызметтік тергеу барысында мектеп директоры мен қызметкерлері Ташеваның бұған дейін де оқу орнында өзін әдепсіз, құрметсіз ұстағанын растаған. Кеңес мүшелері оның әрекеттерінен мемлекеттік қызметшінің әдеп кодексін бұзу белгілерін анықтады.

Өз кезегінде Бақытжан Ташева мектепке ана ретінде барғанын, қызының мұғаліммен келіспеушілігі болғанын айтты. Оның сөзінше, педагог оқушыларға орынсыз талаптар қойып, қызына қол көтерген болуы мүмкін. Алайда бұл дерек полиция тексерісінде расталмаған.

Сондай-ақ, кеңес төрағасы шенеуніктің қызметтік көлікті жеке мақсатта пайдаланғанын атап өтті. Ал мұндай әрекет мемлекеттік қызметшілер үшін өрескел бұзушылық болып саналады.

Кеңес қорытындысы бойынша, Бақытжан Ташеваға қатаң сөгіс түріндегі тәртіптік жаза қолданылды.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий