Қазақстанда 30 елді мекенге су басу қаупі төніп тұр
Қазақстанда көктемгі су тасқынына байланысты 30 елді мекен қауіп аймағында тұр, деп хабарлайды Politico.kz.
Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің төтенше жағдайлардың алдын алу комитетінің төрағасы Серік Жүніссбеков мәлімдеді.Оның айтуынша, қауіп Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстары мен Абай облысындағы елді мекендерге қатысты.
«Өткен жылдағы тәжірибеге сүйене отырып, Tasqyn ақпараттық жүйесі және Қазгидрометтің болжамдары негізінде, сондай-ақ Talsim-NG бағдарламасы арқылы су тасқыны қаупі модельденді. Нәтижесінде 30 елді мекенге қауіп бар екені анықталды», — деді ол.
Қазіргі уақытта тасқынға қарсы күреске 39 мыңнан астам адам жұмылдырылған. Сонымен қатар, 12 мыңға жуық техника, 4 мыңнан астам су сорғыш құралдар және 700-ге жуық жүзу құралдары дайындалған.Бұдан бөлек, резервте 930 адам, 113 техника, 99 су сорғыш және 35 жүзу құралы бар. Қажет болған жағдайда авиация, Ұлттық ұлан, Қорғаныс министрлігі, ҰҚК және теміржол қызметтері тартылатын болады.
Соңғы жаңалықтар