“Мені есалаң дейсіңдер ме?”: Олжас Абай мәлімдеме жасады

“Мені есалаң дейсіңдер ме?”: Олжас Абай мәлімдеме жасады
06.10.2025 22:14
0
321

Олжас Абай әрдайым басын тік көтеріп жүргенін мәлімдеді, деп хабарлайды POLITICO.KZ Qaz365.kz-ке сілтеме жасап.

“Бір семьяны неге бұзасың деген жандарға” айтарым. Оу ағайын! Өмірге реніші барлар, жаман сөз жазып мені жерден алып жатқандарың орынды емес. Осы уақытқа дейін мен түскен киноларды көріп, “маладес” деп қошемет соғып енді аяқ асты бір жақты ойланатын адамның “қызғанышына” сеніп менің өнерге деген ессіз сүйіспеншілігімді адамға деген шынайы қарым-қатынасымды жерге таптамаңдар. Некедегі әйелге ажырамай жатып көз салатын мен не басында миы жоқ ессіз есалаң дейсіңдер ме?” – дейді актер.

Олжас Абай басынан біреудің фантазиясын асырып отыра алмайтынын айтты. Әр нәрсенің соңы болатынын, ешкім жауапсыз қалмайтынын жеткізді.

“Ол адамның “жан жағын кінәләп берген” сұхбаты адам алдында да, ар мен заң алдында да жауабы болады. 15 жылда 25 тен аса кинотуындыға түсіп, рекорд жасап, халықтың милионның қошеметіне бөленіп Дариғадай мінезді мықты актрисамен партнер болып жұмыс жасап жетістікке қол созған мен - дәп сол жерден қателесіп қалмайтын шығармын. Басымды бала күннен тік көтеріп жүргем, ары қарай да жүре берем. Актер ұлдарыңыз Олжас Абай” – дейді ол.

Жақында актриса Дариға Бадықованың бұрынғы күйеуі журналист Нұрсейіт Жылқышыбайға сұхбат беріп, Дариға Бадықова байыған соң өзін тастап кеткенін мәлімдеген еді. Ол сонымен қатар, Дариға Бадықованың Олжас Абаймен арасына күмән келтірген. Кейін Бадықова оның сөзі шындыққа жанаспайтынын айтты.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий