«Мені «қазақ» деп күндеп, ажырастырды»: 5 жылға сотталған Шавкаттың экс-әйелі енесі туралы сұмдық жайтты айтты

27.03.2026 17:25 Әсел Мұрат
«Мені «қазақ» деп күндеп, ажырастырды»: 5 жылға сотталған Шавкаттың экс-әйелі енесі туралы сұмдық жайтты айтты
481
Фото: ашық дереккөз

Шавкат Рахмоновтың 5 жылға сотталған экс-әйелі Гүлайым Рахмонова үкім шыққаннан кейін күтпеген жазба жариялап, ел назарын аударды, деп хабарлайды Politico.kz.

Оның айтуынша, Шавкаттың шешесі өзін күйеуімен ажырастырып тынған. 

Бұл туралы ол желідегі парақшасында жазды. 

«Жалпы өмір деген қандай, иә?! Жау алыстан келмейді деп бекер айтылмаған… 10 жыл өмірімнің 6 жылын мені күндеумен, мені өсектеумен күйдірген Шавкаттың шешесіне таным бар. Қазақ болғаным үшін қалай баласы ЮФС-ден табыс әкеле бастады, мені қазақ деп күндеп, өсектеп, жамандап, «қазақтар мал» деп 2023 жылы аузына келгенін айтып ұялмай, қалай қазақтың жерін басып жүр екен?! Ақыры ажырастырды, басыма түскен қиындыққа күліп, ажыратып тынды. Жегендері Шавкаттың табысы, таласқандары – менің балаларымның несібесі. Мейлі, қазақ екеніме мың шүкір! Аз уақытта көп нәрселер айтылады…», - деді жазды ол. 

Айта кетейік, бұған дейін Гүлайым Рахмонова жекпе жек шеберімен ажырасқанын айтқан болатын.

Бүгін екі адамның өмірін қиған жол апатына кінәлі деп айыпталған аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновтың әйеліне қатысты сот үкімі шыққан еді.

Жол апаты 27 шілдеде «Алматы-Екатеринбург» тас жолында болған еді.

«Ол шаршаған күйде жол ережесін бұзып, көлікті басқара алмай, жолдың қарсы бетіне шығып кеткен, содан кейін оның көлігі аударылған», - делінген сот материалында.

Салдарынан сотталушының досы мен әпкесі қайтыс болды, өзі ауруханаға жатқызылды. Сотта ол өз кінәсін мойындамады.Сот үкімімен әйел кінәлі деп танылып, 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ оған 7 жылға көлік жүргізуге тыйым салынды.

2 жастан 9 жасқа дейінгі 4 баласы болғандықтан, жаза 5 жылға кейінге қалдырылды.


 

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий