"Менің балам күшті, келінім оңбаған": Айгүл Иманбаева өзекті тақырыпта сөз қозғады
2973
Белгілі әнші, актриса Айгүл Иманбаева ене мен келін тақырыбында сөз қозғады. Ол "балам күшті, келінім оңбаған" деп айтуға мүлде қарсы.
Өнер иесінің сөзінше келін мен ене тақырыбы қашан да өзекті.
Көпшіліктен келіп жатқан “Келініңізбен қарым-қатынасыңыз қалай? Өзіңіз қандай келінсіз, қандай енесіз?” деген сұрақтарға жауап беруді жөн көрдім. Менің ойымша, ене болып аяқ астынан образға кіріп, бірден ақылгөйсіп, келінді тәрбиелеудің еш қажеті жоқ.Әншінің айтуынша, тәрбие 13 жасқа дейін баланың бойына сіңеді. 13 жастан кейін баланы тәрбиелемейді. Ақылы бар ата-ана онымен дос, сырлас болады.
Менің келінім де өз отбасынан алған тәрбиесін бойына сіңірген адам. Ол менің баламмен бас қосты екен деп, аяқ астынан ене образына кіріп, ақыл айту әбестік деп санаймын.Қазақта “Санасына берсін” деген жақсы сөз бар. Әр бала өз отбасында қандай тәрбие көрді, соны өзімен бірге сенің үйіне алып келеді. “Менің балам күшті, келінім оңбаған” дейтін енелерге келіспеймін. Олай болмайды. Егер сен сондай келінді алсаң, ол жақсы болсын, жаман болсын, не өзің жақсысың, не өзің жамансың.Әнші "басқа шаңырақтан, басқа тәрбие көріп келген келін сенің үйіңе келгенде, сен өзіңді тәрбиелейсің. Егер ақылың болса" дейді.
Оған ақыл айтып, жол көрсетіп, аяқ астынан ғұлама болудың қажеті жоқ. Бұл әрекет өте күлкілі әрі ақымақтық", - деді Айгүл Иманбаева.
Соңғы жаңалықтар
11.08.2026
16:44
$100 үшін адам сабаған: Қостанайда тапсырыспен ...
11.08.2026
16:32
Павлодар облысында депутат ұсталды
11.08.2026
16:30
"Астанадан Катарға дейін". Алмаз Мержақыпов ста...
11.08.2026
16:13
Кенжебек Жанәбіловке ота жасалуы мүмкін: «Музар...
11.08.2026
15:24
"Ақ көйлек кимеді": Сәкен Майғазиев бесік тойда...
11.08.2026
15:22
Немере інісі: Бауыржан Момышұлына 45 жасында бі...