Миллиондаған ақша жымқырған «ҚазАвтоЖол» филиалының экс-басшысы сотталды

18.03.2026 16:25 Әсел Мұрат
Миллиондаған ақша жымқырған «ҚазАвтоЖол» филиалының экс-басшысы сотталды
73
Фото: ашық дереккөз

Шығыс Қазақстан облысында 6,7 млн теңге залал келтірген «ҚазАвтоЖол» жүйесіне қарасты «КАЖсервис» филиалының бұрынғы басшыс сотталды, деп хабарлайды Politico.kz.

Тергеу материалдарына сәйкес, филиалда іс жүзінде жұмыс істемеген адамдарды жұмысқа рәсімдеп, жалған қызметкерлерге заңсыз еңбекақы есептелген. Сол арқылы бюджет қаражаты жымқырылған.

Бұл құқықбұзушылықты компанияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметі мен қауіпсіздік қызметі анықтаған. Ішкі тексерістен кейін материалдар Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке тапсырылған.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында бұл іске филиалдың бұрынғы директорының қатысы бары анықталып, қылмыстық іс сотқа жолданған.

2025 жылы желтоқсанда Өскемен қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты оған 2 жыл 9 айға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындаған. Алайда апелляция істі қайта қарап, жазаны 3 жыл 6 айға дейін ұлғайтты.

Сонымен қатар келтірілген 6,7 млн теңге көлеміндегі залал өндіріліп, толық көлемде өтелген.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий