Министр ҚҚС өсімі шағын бизнеске әсер етпейтінін мәлімдеді
Министр: «Киоскілер, дүкендер, кафелер бұрынғыдай салық төлейді»
Қаржы министрлігі салық реформаларын қолға алып жатқан тұста, Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин НДС-тің (қосылған құн салығы) ұлғаюы шағын кәсіпкерлерге еш әсер етпейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Министрдің айтуынша, халықпен тікелей жұмыс істейтін шағын кәсіпорындар бұрынғыдай 4% мөлшерінде салық төлейді.
«Бұл реформа шағын бизнеске әсер етпейді. Дүкендер, киоскілер, шағын базарлар, кафелер, сұлулық салондары сияқты кәсіпкерлер бұрынғыдай 2,4 млрд теңге шегінде жұмыс істей береді және 4% төлейді», – деді Жұманғарин.
Оның сөзінше, НДС өсімі кіші кәсіпкерлердің жағдайына кері әсер етпейді, әрі «соңғы нанын тартып алмайды».
Министрлік бұл реформаның орта және ірі бизнеске бағытталғанын атап өтті. Қазіргі уақытта салық жүйесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
18.10.2026
10:46
Қазақстан бадминтон федерациясының президенті 1...
18.10.2026
09:26
Ақтөбеде белгілі дәрігер 53 миллион теңге жымқы...
17.10.2026
21:37
Пара алудан ақшаны жылыстатуға дейін. Астанада ...
17.10.2026
17:31
Бостандыққа шығуына санаулы күн қалған: Атбасар...
17.10.2026
16:58
Мемлекетке сыйлық: Нұрасыл Медеу ерекше шешім қ...
17.10.2026
16:22
Шымкенттегі шудан кейін Қайрат Нұртастың концер...