Мөлдір Әуелбекова: Қалғаны бәрі алдамшы, уақытша әңгіме!
562
Отандық эстрада жұлдызы Мөлдір Әуелбекова желіде курс сататындарға шүйлікті. Ол Instagram желісіндегі парақшасында жұртқа ақыл айтатындардың көбейгенін жазған.
Мөлдір Әуелбекова адам бай болуы үшін тек еңбектені керек екенін алға тартты.
"Ақыл айтпайтын адам қалды ма өзі? Instagram ашсаң бәрі ақыл айтып жатыр… Соның ақылын тыңдасаң, курсын сатып алсаң, конкурсына қатыссаң байып кетеді екенсің, мыс…Адам екі қол, екі аяқпен еңбектенсе ғана бай болады! Жұмыс істе, кәсіп қыл! Қалғаны бәрі алдамшы, тұрақсыз, уақытша әңгіме! Шаршамадыңдар ма? Кішкене бір кідірсеңдерші!", - деп жазды ол.
Көпшілік Мөлдір Әуелбекованың бұл ойын қолдай кетті.
"Өз ойымен өмір сүре алмаса, өзге ойын сатып алу далбаса", "Осыны айтатын адам шықты-ау", "Дұрыс айтасыз", "Соны айтамын, бәрі білгіш, бәрі ақылды әйтеуір", -деді олар.
Соңғы жаңалықтар
23.07.2026
12:34
Үш әйелі барын айтып мақтанған алматылық блогер...
23.07.2026
12:02
«Мәсімов мені ол жерде көргісі келмеді»: Ертісб...
23.07.2026
11:35
"Анам қайнысымен шаңырақ көтерді": Мұхамеджан Т...
23.07.2026
10:17
Ұшақ, вилла және суицид: Әлия Назарбаеваның Шве...
23.07.2026
10:14
«Осы елді аяғынан тік тұрғызар едім»: Арон Атаб...
23.07.2026
09:33
"Шаршамадыңдар ма?": блогер Ырысбала Икрамбай ө...