«Құпияны ашатын уақыт келді…»: Димаш Құдайберген жаңалығын бөлісті
Қазақстанның Халық әртісі Димаш Құдайберген TikTok желісінде тікелей эфирге шығып, жанкүйерлеріне көптен күткен тосынсыйын айтуға ниетті, деп хабарлайды Politico.kz.
Өнер иесі бұған дейін желіде алдын ала ескертусіз эфирге шыққанын, алайда көрермендердің көбі үлгермей қалғандықтан, басты мәліметті бүгін Астана уақытымен сағат 22:00-де, ал Польша уақыты бойынша 19:00-де жариялауға шешім қабылдағанын жеткізді.
«Кеше алдын ала ескертпестен TikTok-та алғаш рет тікелей эфирге шықтық. Көпшілігіңіз эфирге қосылып үлгермегендіктен, жаңалықтарымды бүгін айтуды ұйғардым. Сіздер күтпеген үлкен жаңалығым бар, не туралы екенін тіпті елестете де алмайсыздар. Бұл сіздер үшін нағыз тосынсый болмақ. Қалып қалмаңыздар, ең қызығы әлі алда. Бұл жаңалықты айтатын сәтті көптен күтіп жүрмін, енді құпияны ашатын уақыт келді», – деп жазды әнші әлеуметтік желідегі парақшасында.
Осылайша әлемдік деңгейдегі өнерпаз өзінің көпшілік білмейтін тың шығармашылық жобасы немесе жеке жаңалығының құпиясын тікелей байланыс кезінде бөліспек.
Соңғы жаңалықтар