«Ұрықтарыңызды шашпаңыздар»: Бақыт Тұрман ерлерге үндеу жасады

«Ұрықтарыңызды шашпаңыздар»: Бақыт Тұрман ерлерге үндеу жасады
Фото: Instagram/bakyt_turman

Әнші Бақыт Тұрман қоғамдағы ұрпақ жалғастыру және жауапкершілік мәселесін көтеріп, ер-азаматтар мен қыз-келіншектерге қарата ашық мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Politico.kz.

Өнер иесі ер адамдардың өз тек-тамыры мен отбасы алдындағы міндетін терең түйсінуі тиіс екеніне тоқталды.

«Жігіттер, сіздерге айтарым, өздеріңізді ар-намысы бар, күш-жігері бар күшті ер-азамат деп санайтын болсаңыздар, өз ата-бабаларыңыздың жолын жалғаушы ретінде, жанұяңыздың жалғастырушысы ретінде сізге берілген ұрықты айдалаға шаша бермеңіздер. Өзіңізден шыққан ұрыққа жауапкер екеніңізді ешқашан ұмытпаңыздар», – деді әнші.

Сонымен бірге Бақыт Тұрман бойжеткендерге де сөз арнап, ана атану кезінде жеңілтек көзқарасқа бой алдырмау керегін ескертті.

«Ал қыздарға айтарым бұдан да қатты. Бір апамыз балалардың салақтықтан туылып жатқанын айтқан еді. Салақтықтан бала туып қалмаңыздар. Сіздің туып жатқан балаңыз ұрпақты жалғастыруға керек пе деп кімнен туғаныңызды, кімнің ұрпағын көбейтіп жатқаныңызды өзіңізден сұраңыз», – деді өнер иесі.

Бұған дейін ол өмірлік жары Қайрат Әділгерейді таңдауының сырын да оқырмандарымен бөліскен болатын.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу