Мөлдір Мұқанның киімдері 5 млн теңгеден асатыны белгілі болды (ВИДЕО)

17.11.2025 16:39 Әсел Мұрат
Мөлдір Мұқанның киімдері 5 млн теңгеден асатыны белгілі болды (ВИДЕО)
0
239
Фото: видеодан скрин

Назерке Досмағанбетова есімді кәсіпкер Тұрсынбектің бәйбішесі Мөлдір Мұқанның бір реттік образы қанша тұратынына талдау жасап көрді, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Мәселен, сән экспертінің есебінше оның үстіндегі Deesses брендінің ақ-қара костюмі 118 550 теңге болса, Van Cleef коллекциясынан тағынған сырғасы нарықта  2 млн 961 000 теңге, қолындағы дәл осы бендттің сақинасы 1 млн 958 000 теңге тұрады.

Ал аяғындағы JW Anderson-ның   туфлиі 308 900 теңгеге бағаланады. Осылайша Мөлдірдің бір шыққандағы образы 5 млн 347 000 теңге татитын болып шықты. «Байлар да жылайды» деген осы ма дерсің...

Байердің бұл талдауына қатысты жұрттың пікірі сұмдық болды. 
«Мынанша миллиондарға киініп алсам, үнімді шығармас едім ғой», «біз Мөлдірді мүсіркеп жүрсек....», «үш мың теңгелік кроссовкимен шауып жүріп, айдаладағы Мөлдірге жаным ашып, еңіреп жылап жүргені мені кім деуге болады?» деген пікір қалдырды желі қолданушылары. 
 

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий