Мұхтар Шахановтың өмірінің соңғы күндеріндегі видеосы тарады

23.04.2026 09:53 Мөлдір Қайнар
Мұхтар Шахановтың өмірінің соңғы күндеріндегі видеосы тарады
664
Фото: видеодан скриншот

Мұхтар Шахановпен соңғы кездесуді блогер Қайша Керей өз парақшасында жариялады, деп хабарлайды Politico.kz.

 Оның айтуынша, соңғы кездесулердің өзі жүрекке ауыр тиген.

«Соңғы кездескенде Қуаныш екеуміз Мұхтар атамызды Түркияға апарып, емдетеміз деп апамыздан рұқсат алған едік… Бір ай бұрын жағдайын сұрасақ, жансақтау бөлімінде жатыр деді… Сол сәтте жүрегіміз шым ете қалды… “Үлгермейміз-ау…” деп тыпыршыдық…

Шынымен де… үлгермедік… Білесіздер ме, мен неге “Қайдасың, Қазағым?” деп соншама қаражат шығарып, шетелдегі қазақтарды іздеуді бастадым…»

Блогер Мұстафа атаның ұрпақтарын іздейтінін де айта кетеді.

«Неге 30 жыл бұрын кеткен Мұстафаның ұрпақтарын іздеймін… Неге Мұхтар атаны Түркияға апарып емдеткім келді… Себебі… ішімде бір үн бар. Сол үн мені үнемі осындай тарихи, алып тұлғаларға қызмет етуге шақырады.

Соларға титтей болса да жақсылық жасасам — жүрегімде шексіз махаббат орнайды…

Мен бақыттан секіремін… Мен бақыттан жылаймын… Сондықтан біз сауда жасап, бизнестен тапқан қаражаттың бір бөлігін осындай тұлғаларға, осындай игі істерге жұмсауды жөн көрдік.

Біз тек өзіміз байысақ деп өмір сүрмейміз… Жақсылыққа жұмсалған дүние — ең қайырлы инвестиция екеніне көзіміз жетті. Сауданы да ниетпен, мақсатпен, жақсылық үшін жасасаң — Алла несібеңді еселеп береді екен… Қайран Мұхтар атам… Бүгін Сіз мәңгілік мекеніңізге аттандыңыз…

Соңғы өтінішін орындаған ел ағаларына, президентімізге шексіз алғыс. Жаныңыз жәннатта болсын, асыл Ата… Сіздің сөзіңіз, рухыңыз — мәңгі жүрегімізде», — деп жкёүңщһазды ол.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий