Мұхтар Жәкішевтің қызы тұрмысқа шықты (ФОТО)
2527
«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық компаниясының бұрынғы басшысы әрі белгілі кәсіпкер Мұхтар Жәкішевтің қызы Алтынай Ұлыбритания астанасында некесін қиды, деп хабарлайды Politico.kz.
Қалыңдық желідегі парақшасында қуанышты жаңалығымен бөлісіп, атаулы күннің қалай өткенін айтып берді.
«Тоғызыншы мамырда Лондондағы әкімдікте жақындарымыздың ортасында некемізді қидық, күн жауын-шашынды болады деген болжамға қарамастан аспан ашық болды, бұл менің ресми түрде ОДжей ханым атанған күнім», — деп жазды Алтынай.
Қазіргі уақытта Лондонда тұратын 1999 жылғы бойжеткен сол жақта модельдік кәсіппен айналысады. Оның әкесі Мұхтар Жәкішев кезінде атышулы іс бойынша 14 жылға сотталып, түрмеде он бір жылдай уақыт өткізгеннен кейін 2020 жылы шартты түрде бостандыққа шыққан еді. Жалпы бұл көпбалалы әулетте Алтынайдан бөлек төрт ересек бала мен былтыр дүниеге келген тағы бір қыз өсіп келеді.
Соңғы жаңалықтар
11.09.2026
20:06
Түркістан әуежайында ұшақ ұшу жолағында істен ш...
11.09.2026
19:43
Астанада полицияға шағымданған әйелдің өзі жауа...
11.09.2026
19:13
Астанада қайтыс болған адамның ағзалары үш науқ...
11.09.2026
18:13
“Ақ туфлимен мектепке бару мұң болды”: Құлсарыд...
11.09.2026
18:08
Тоқаевтың 2005 жылғы сұхбаты жарияланды, ол төң...
11.09.2026
17:35
Жүкті келіншекті өлтіріп, 17 жыл бойы жасырынып...