Тоқаев ауқатты қазақстандықтардың салығын көтеруді ұсынды

Тоқаев ауқатты қазақстандықтардың салығын көтеруді ұсынды
Фото: ашық дереккөз

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев аса ірі көлемде дәулеті бар азаматтар үшін жоғары салық мөлшерлемесін енгізу мәселесін талқылауды ұсынды, деп хабарлайды Politico.kz.

Президенттің айтуынша, бұл бастама байлыққа тосқауыл қою немесе заңды түрде иеленген мүлікті тартып алу мақсатын көздемейді. Мәселе – қоғамдағы салық жүктемесін әділ бөлуде.

«Мұнда әр азаматтың еліміздің дамуына өзінің мүмкіндігіне қарай тең әрі адал үлес қосуы туралы сөз болып отыр. Бұл жерде басты мәселе – әділдік», – деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Әзірге бұл – қоғамдық талқылауға ұсынылған бастама. Мемлекет басшысы дәулетті азаматтарды қандай өлшемдер (критерийлер) бойынша анықтау қажеттігін және оларға қолданылатын нақты пайыздық мөлшерлемелерді әлі атаған жоқ. Алдағы уақытта жауапты органдар осы механизмнің нақты жолдарын зерделеп, ортақ талқыға салмақ.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу