"Мұңын осылай шығарып жүр": Медеу Арынбаевтың тағы да ішіп алған видеосы тарады
Танымал әнші Медеу Арынбаевтың мейрамханада жолдастарымен отырып, «Синатра» әнін шырқаған видеосы желіде тарап, көпшіліктің назарын өзіне аударды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Көңілді отырыс кезінде әншінің ішімдік ішкені байқалған соң, әлеуметтік желі қолданушылары түрлі пікірлер қалдырды.
Бірі оның да адам екенін, шаршайтынын айтып, достарымен отырып көңіл бөлгені дұрыс деп қолдаса, енді бірі Медеудің талантына тамсанып, видеодан жылы атмосфера сезілетінін жазды.
Кейбір қолданушылар «дауыс шықпай жатыр» деп әзілдесе, тағы біреулер оның марқұм жұбайына деген адалдығын атап өтіп, әлі күнге дейін әйелін шын сүйгенін, сол себепті қайта үйленбегенін айтты. Жекелеген пікір иелері негатив жазатындарды сынға алып, мұндай сәттерді түсіріп, желіге жүктеудің қажеті жоқ екенін, әр адамның жеке өміріне қол сұқпау керектігін ескертті.
Сонымен қатар «артық әңгіме жазбаңдар, бұл адамды әлем таныған, демалып отыр» деп қорғағандар да болды. Кейбірі әзілге салып «закуска қайда?» деп қалжыңдаса, басқалары оның ерекше жан екенін, нәзік жүректі әншіге ауыр пікір айтпау керегін жазды.
Соңғы жаңалықтар