Мұрат Қайырбек Президенттің жаңа парламент – Құрылтайдағы өкілі болды

Мұрат Қайырбек Президенттің жаңа парламент – Құрылтайдағы өкілі болды
Фото: Ақорда

Мұрат Әділғазыұлы Қайырбек Қазақстан Президентінің Құрылтайдағы өкілдігінің басшысы қызметіне тағайындалды. Тиісті өкімге Мемлекет басшысы қол қойғанын Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.

"Мемлекет басшысының өкімімен Мұрат Әділғазыұлы Қайырбек Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасының Құрылтайындағы Өкілдігінің басшысы лауазымына тағайындалды", — делінген хабарламада.

Құрылтай – заң шығарушы билікті жүзеге асыратын елдің бір палаталы парламенті. Жаңа құрылым бұрынғы Жоғарғы палата (Сенат) мен Төменгі палатадан (Мәжіліс) тұратын екі палаталы жүйені толығымен алмастырды.

Бұл орган 2026 жылдың 1 шілдесінен бастап ресми түрде жұмысын бастады. Оның құрылуына биылғы 15 наурызда өткен республикалық референдумда қабылданған жаңа Конституцияның күшіне енуі тікелей негіз болды.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу