Мусиннің шаңырағы қанша табыс тапқаны жарияланды

08.01.2026 13:09 Арман Ермеков Арман Ермеков
Мусиннің шаңырағы қанша табыс тапқаны жарияланды
0
1088
Фото: instagram/bagdatmussin

Бағдат Мусин мен жұбайының өткен жылғы табысы белгілі болды, деп хабарлайды Politico.kz

"Қазақтелеком" АҚ квазимемлекеттік компаниялардың декларациясы аясында басқарма төрағасы Бағдат Мусин мен оның жұбайының есепті кезеңдегі кірістерін жариялады.

Ресми құжатқа сәйкес, экс-министр Бағдат Мусин 2024 жылы 0 теңге табыс тапқан. Оның жұбайы Дина Ауғанбаева-Мусинаның жалпы кірісі 35 миллион теңгені құрады. Декларацияда бұл қаражаттың нақты қайдан түскені және кіріс көздері көрсетілмеген.

Ашық дереккөздердегі мәліметтер Дина Ауғанбаева-Мусинаның табысты жеке кәсіпкерлік пен бизнес жобалар арқылы табатынын көрсетеді.

Бұған дейін Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары Ерболат Досаев пен оның жарының, Премьер-министрдің орынбасары - Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің жұбайының және бірқатар министрлік басшыларының табыстары туралы ақпарат жарияланған болатын.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий