«Нағыз сұлу»: Қамшат Жолдыбаева ұлттық нақыштағы көйлегімен желіні тамсандырды

02.10.2026 • 12:54 Мөлдір ҚАЙНАР
«Нағыз сұлу»: Қамшат Жолдыбаева ұлттық нақыштағы көйлегімен желіні тамсандырды
133
Фото: әлеуметтік желі

Танымал отандық актриса әрі әнші, «КешYOU» тобының бұрынғы солисі Қамшат Жолдыбаева ұлттық нақышта тігілген сәнді көйлегімен  көпшілікті сүйсіндірді, деп хабарлайды Politico.kz.

Өнер иесінің қазақы ою-өрнекпен көмкерілген көйлегі, шаш үлгісі мен табиғи сұлулығын аша түскен нәзік макияжы желі қолданушыларының жоғары бағасына ие болды. Өзінің парақшасында суреттермен бөліскен актриса жақын арада нәзікжанды оқырмандарымен арнайы кездесу өткізуді жоспарлап отырғанын да жеткізді.

«Арулармен бір жылы кездесу өткізсем деген ой бар. Жағдайларыңыз қалай?» – деп жазды Қамшат.

Актрисаның сүйкімді образына жұбайы, актер Ғазрет Ержанов та бейжай қарай алмай, «Нағыз сұлу» деп пікір қалдырды.

Ал өнер иесінің тыңдармандары мен оқырмандары жарыса жылы лебіздерін жаудырып жатыр:

«Бұл көйлек тура Қамшатқа арналып тігілгендей екен», «Қандай нәзік образ!», «Көрген сайын тамсанасың, керемет жарасып тұр», «Кездесу ұйымдастырсаңыз, міндетті түрде барамыз» деп тамсанды желідегі қауым.

Войдите, чтобы оставить комментарий