Назарбаевтың немересі Сара Назарбаеваның ісін жалғастырмақ
Сара Назарбаеваның бастамасын енді Нұрәлі Әлиев жалғастыра ма?
Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың немересі Нұрәлі Әлиев "Өзін-өзі тану" пәнін қайта дамыту бастамасын қолдайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Politico.kz сайты Dalanews.kz-ке сілтемемен.
Оның айтуынша, жас ұрпаққа рухани-адамгершілік тәрбие беру – қоғам үшін маңызды бағыттардың бірі. Нұрәлі Әлиев бұл пәннің балалардың бойында мейірімділік, жауапкершілік пен адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруда ерекше рөл атқарғанын атап өтті.
Еске салайық, "Өзін-өзі тану" пәні мектеп бағдарламасына 2010 жылы Сара Назарбаеваның бастамасымен енгізілген болатын. Бағдарлама оқушылардың рухани дамуына, ішкі үйлесім мен ізгі қасиеттерді нығайтуға бағытталды.
2022 жылы Оқу-ағарту министрлігінің шешімімен пән міндетті оқу бағдарламасынан алынып, факультатив форматқа ауыстырылған еді.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
28.10.2026
23:19
Испаниядағы ірі апаттан кейін Қазақстан СІМ мәл...
28.10.2026
22:18
6 жылға сотталған: Путиннен Қазақстанға әскер к...
28.10.2026
22:15
«Біз КСРО-да өмір сүріп жатқан жоқпыз»: Сабина ...
28.10.2026
21:12
Испаниядағы пойыз апатынан қаза тапқандар саны ...
28.10.2026
20:14
Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды
28.10.2026
20:11
«Тоқаев уақытпен жарысып жатыр»: саясаттанушы П...