«Бұл не сұмдық?»: Атырауда жүкті әйелге әдепсіз әрекет жасаған ер адам ұсталды
1133
Атырауда қоғамдық орында жүкті әйелге қол көтерген ер адам ұсталды
Атырау қаласында көшеде тұрған жүкті әйелдің бөксесінен ұрған ер адамның әрекеті әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті, деп хабарлайды Politico.kz.
Жағымсыз оқиғаның видеосы интернетте тарады. Оқиғаға байланысты Атырау облыстық полиция департаменті түсініктеме берді. Тәртіп сақшыларының мәліметінше, қоғамдық орында бұзақылық жасаған 36 жастағы қала тұрғыны анықталып, ұсталған.
«Қоғамдық орында бұзақылыққа жол берген 36 жастағы қала тұрғыны анықталып, қамауға алынды. Оған қатысты жиналған іс-құжаттар сотқа жолданатын болады», – деп хабарлады полиция департаменті.
Сондай-ақ полиция тұрғындарды қоғамдық тәртіпті сақтауға және айналадағы азаматтардың қауіпсіздігіне құрметпен қарауға шақырды. Құқық қорғау органдары қандай да бір заңсыз әрекеттің куәсі болған жағдайда бірден «102» арнасына хабарласуды сұрайды.
Соңғы жаңалықтар
28.09.2026
22:56
Михаил Шайдоров ISU әлемдік рейтингінде екінші ...
28.09.2026
21:40
Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен Германияға б...
28.09.2026
20:32
Самарқандтағы шахмат Олимпиадасы: Қазақстан әйе...
28.09.2026
19:34
Семейде тіркемеге мінген «Өрмекші адам»: полици...
28.09.2026
17:52
«Әрбір сарбаз өзін қауіпсіз сезінуі керек»: Жаң...
28.09.2026
17:30
Әл-Фарабидегі жол апаты: полиция бастығының экс...