«NINETY ONE-ның сәні кетті»: AZ сахнаға қайта оралу жайлы сыр шертті
Әнші AZ Zamandas подкастына берген сұхбатында жүрек түкпіріндегі сағынышын жасырмай, сахнаны қатты аңсайтынын жеткізді, деп хабарлайды POLITICO.KZ
Өнер иесі алдағы уақытта шығармашылығына қайта көңіл бөліп, тыңдарманмен қайта қауышуды жоспарлап жүргенін айтты.
«Мен жай ғана сахнаны сағынамын. Қазір бәріне бірден кірісіп кету емес, кішкентай қадамдармен алға жылжуды ойлап жүрмін. Әлі жеке концерт қойған жоқпын. Алдымен тректер шығарып, халықтың қабылдауын көргім келеді. Егер нәтиже жақсы болса, жеке концерт те болады», — дейді AZ.
Әншінің бұл сөзі желі қолданушылары арасында қызу қолдауға ие болды. Көпшілік AZ-дің сахнаға қайта оралуын асыға күтіп жүргендерін жазуда.
«AZ, жасай бер! Біз де сені сағындық», «AZ кеткен соң 91 тобының сәні кетті», «Қазіргі тректердің бәрі бір-біріне ұқсайды, өзгешелік жоқ», «AZ қайтып келсе, сахна қайта жанданады», «Мықты өнерпаз, қателеспейтін адам жоқ», — деп жазды оқырмандар.
Кей тыңдарман AZ-дің 91 тобынан кеткеннен кейін ұжымның бір бөлшегі жетіспей қалғандай әсерде екенін де жасырмады. Желі қолданушылары әншінің жеке шығармашылығына үмітпен қарап, оның сахнаға оралуы қазақстандық эстрадаға жаңа леп әкелетініне сенімді.
Соңғы жаңалықтар