Нұрай Серікбайдың ісінде күтпеген жағдай: Заңгер ІІМ-ге жүгінді
928
Марқұм Нұрай Серікбайдың заңгері Аянхан Омаров әлеуметтік желіде оның атына қорлайтын пікір қалдырғандарға қатысты құқықтық шаралар қолға алынғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Politico.kz.
Заңгердің айтуынша, Нұрай Серікбайдың ісіне қатысты Instagram желісінде марқұмды қорлайтын және ар-намысына тиетін пікірлер жарияланған.
Осыған байланысты Аянхан Омаров Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментіне ресми арыз жолдағанын хабарлады.
«Instagram-дағы Нұрай Серікбайдың ісіне қатысты қорлайтын пікір қалдырған аккаунт иесін анықтау және заң аясында жауапқа тарту туралы ҚР ІІМ Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментіне ресми арыз жолданды. Әлеуметтік желідегі анонимділік жауапкершіліктен босатпайды», – деп жазды адвокат.
Заңгердің сөзінше, құқық қорғау органдары аталған аккаунт иесін анықтап, заң талаптарына сәйкес тиісті шара қабылдауы тиіс.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
14.10.2026
11:53
Алматыда 50-ге жуық оқушы ауруханаға түсті: ме...
14.10.2026
11:38
«Менің өткен өмірім жоқ»: Дариға Бадықова өткен...
14.10.2026
11:26
Астанадағы балабақшада тәрбиешінің көмекшісі ба...
14.10.2026
11:23
Латвия Қайрат Боранбаевтың бұғатталған активтер...
14.10.2026
11:05
«Асқазанын емдеді»: Қызылордада 14 жастағы қызд...
14.10.2026
10:55
«Артында жүкті әйелі мен баласы қалды»: Алматыд...