"Нұрлан Абдуллиннен балам бар" деген әйел әнші туралы бар шындықты жайып салды

13.04.2026 16:02 Мөлдір Талғат
231
Фото: comode.kz

Ақмарал Баққараева есімді әйел өзін әнші Нұрлан Абдуллиннің азаматтық некедегі жары болғанын айтты, деп хабарлайды Politico.kz.

Бұл туралы ол Ulysmedia.kz YouTube арнасына берген сұхбатында мәлімдеді.

Оның сөзінше, екеуінің ортақ Аят есімді сегіз жастағы ұлы бар. Алайда әнші балаға ешқандай қаржылай немесе моральдық қолдау көрсетпейді дейді.

«Арамызда бір ұл бар, алайда қазір далада қалдық, алимент төленбейді, мүлдем көмектеспейді. Ақшасын жас қыздарға шашады», – дейді келіншек.

Ақмаралдың айтуынша, қазіргі таңда ол ұлын жалғыз өзі тәрбиелеп отыр және баласының құқығын қорғау үшін сотқа жүгінген.

Сонымен қатар, ол бұрынғы серіктесі тарапынан қысым көргенін де жасырмады.

«Бандиттерді жалдап, мені қорқытып, өлтірмекші болды. Бір баланы тәрбиелеп жүрген ананы өлтірсе өлтірсін дедім. Құқық қорғау органдарына шағымданғанымда мені балағаттап, “сені өзім өлтіремін” деді», – деп көз жасына ерік берді.

Әйелдің айтуынша, бұл жағдай баланың психологиясына да әсер еткен.

«Балам мектепте мұғаліміне “Менің әкем Нұрлан Абдуллин анамды өлтірмекші. Егер анамды өлтірсе мен де өлемін. Неге әкем анамды өлтіргісі келеді?” деп айтыпты», – дейді ол.

Ақмарал Баққараева баласын жалғыз өзі өсіріп отырғанын айтып, соңына дейін күресуге дайын екенін жеткізді.

Айта кетейік, аталған жағдайға қатысты әнші Нұрлан Абдуллин әзірге ресми пікір білдірмеді.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий