Нұрлан Сабуровтың Қытайдағы концерттері өткізілмейтін болды

Нұрлан Сабуровтың Қытайдағы концерттері өткізілмейтін болды
Нурлан Сабуровтың халықаралық концерттері уақытша өзгерістерге ұшырады

Танымал қазақстандық әзілкеш Нұрлан Сабуровтың Қытайдағы концерттері өзгеріске ұшырады, деп хабарлайды Politico.kz. 

Шанхайдағы 4 сәуірге жоспарланған шоу “ұйымдастырушылардан тәуелсіз себептермен” өткізілмейді. Гуаньчжоу мен Пекиндегі 2 және 3 сәуірдегі концерттер де қауіпті жағдайда, соңғы көрсетілімге билеттер әлі сатылымға шыққан жоқ. Билеттердің бағасы 30 мыңнан 120 мың теңгеге дейін.

Еске салайық, 30 қаңтарда Сабуровқа Ресейге кіруге 50 жылдық тыйым салынды, ал ақпан ортасында Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитеті тексеру шараларын бастады.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу