Ақмола облысында әйелді азаптап өлтірген ер адам 24 жылдан кейін сотталды
24 жыл бойы құпия сақталған қатыгездік әшкереленді
Ақмола облысының соты 61 жастағы ер адамға қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Politico.kz.
Ол 2002 жылы Ақкөл қаласында мас күйінде 29 жастағы әйелді зорлап, аса қатыгездікпен өлтірген.
Тергеу деректеріне сәйкес, әйел түнде жолда келе жатып, үйіне жету үшін көліктерді тоқтатқан. Айыпталушы оны ұрып-соққан, стадион аумағына әкетіп, зорлық көрсетті, денесін темекімен күйдірген. Кейін әйелді аса қатыгездікпен өлтіріп, мәйітті көшедегі әжетханаға тастаған. Сараптама өлім тыныс алу жолдарының бітелуінен болғанын анықтаған.
Сот оның бұған дейін де бірнеше рет сотталғанын ескеріп, 22 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сонымен қатар, жәбірленушіге 10 миллион теңге моральдық өтемақы төленетін болды. Айыпталушыға алкогольге тәуелділігін емдеу үшін мәжбүрлі психикалық ем тағайындалды.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
13.11.2026
21:24
Павлодарда 20 қытайлық заңсыз жұмыс істеп жүрге...
13.11.2026
20:50
Ірі шенеуніктер ұсталған соң Тоқаев ҰҚК басшысы...
13.11.2026
20:32
«Бірнеше айдан бері ұрады»: Астанада балабақша ...
13.11.2026
20:21
Ұлытау облысы Тәуелсіздіктің 35 жылдығына орай ...
13.11.2026
19:41
Кувейтте жұмбақ дертке шалдыққан қазақ қызы: СІ...
13.11.2026
19:30
Тоқаев ҚТЖ жұмысын қатаң сынға алды