Қазақстандық жас талант “Барселонаға” өтті

01.04.2026 21:44 Қарақат АСЫЛОВА
Қазақстандық жас талант “Барселонаға” өтті
166
Кәрім Меңдіқанов “Барселона” тарихындағы алғашқы қазақ ойыншысы болмақ

15 жастағы қазақстандық футболшы Кәрім Меңдіқанов әйгілі "Барселона" клубымен келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды Politico.kz.

Ол келесі маусымнан бастап командаға қосылады. Ол “Барселона” тарихындағы алғашқы қазақстандық ойыншы болмақ. Қазіргі уақытта ол Испанияда ойнап жүр және жаңа командаға бейімделу процесін бастап кеткен. Испан баспасөзі жас ойыншыны «қазақстандық гауһартас» деп атап үлгерді.

Кәрім 2022 жылы Испанияға көшіп, жергілікті жастар футболында дамыды. Өткен маусымда Cerdanyola клубында өнер көрсетіп, биыл Sant Cugat FC құрамында лиганың қауіпті оң қанат шабуылшыларының біріне айналды. Мамандар оның дриблингі мен пас беру қабілетін жоғары бағалайды. Жас футболшының басты артықшылықтары — жылдамдық, қарсыласты бірден алдап өту және қауіпті сәттер жасау қабілеті. Испания Примерасының бірнеше клубы қызықса да, ол ақыры “Барселонаны” таңдады.

Кәрім жазда ресми түрде “Барселона” жүйесіне қосылып, ойын тәжірибесін жинай береді. Жақын арада ол беделді Mediterranean International Cup турнирінде өнер көрсетуі мүмкін.

Айта кетерлігі, талантты ойыншы әлі күнге дейін Қазақстанның жасөспірімдер немесе ұлттық құрамасына шақырту алмаған.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий