Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин жаңа қызметке тағайындалды

23.09.2026 15:39 Әсел МҰРАТ
Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин жаңа қызметке тағайындалды
271
Фото: ҰОК

Олимпиада чемпионы, Qazaq Aquatics РҚБ бас хатшысы Дмитрий Баландин Азиядағы су спорты түрлерін дамытуға жауапты құрлықтық ұйым – Asia Aquatics бюросының мүшесі болды, деп хабарлайды Politico.kz.

Бұл шешім Токиода өткен Asia Aquatics Бас конгресінде қабылданды. Жиынға Қазақстан атынан Qazaq Aquatics президенті Нұрлан Жақыпов, бас хатшысы Дмитрий Баландин және федерация вице-президенті Мират Өтепов қатысты.

Жаңа қызметте Баландин бюро жұмысына қатысып, құрлық деңгейінде су спорты түрлерін дамытуға қатысты негізгі мәселелерді талқылауға атсалысады.

Бұл тағайындау Қазақстанда өтетін ірі халықаралық жарыстың қарсаңында болып отыр. 

Айта кетейік, 15-17 қазанда Астанада алғаш рет суда жүзуден World Aquatics Swimming World Cup Astana 2026 әлем чемпионатының кубогі өтеді. Қазақстанның астанасына әлемдік жүзу спортының жетекші спортшылары мен жұлдыздары келеді. Бұл кубок — Баку мен Ташкентте өткен жарыстардан кейінгі Жібек жолы турының соңғы кезеңі.

Войдите, чтобы оставить комментарий