«Өмірде не жетпейді?»: Мәдина Сәдуақасова оқырмандарына сауал тастады

10.09.2026 13:03 Мөлдір ҚАЙНАР
«Өмірде не жетпейді?»: Мәдина Сәдуақасова оқырмандарына сауал тастады
321
Фото: instagram/sadvakasovamadina

Танымал әнші Мәдина Сәдуақасова жеке төл мерекесінде әлеуметтік желіде ерекше фотосессиясынан суреттер жариялап, оқырмандарына үндеу тастады, деп хабарлайды Politico.kz 

Өнер иесі туған күнін ерекше көңіл күйде қарсы алып жатқанын жеткізіп, өзіне арнап ақжарма лебізін білдірді.

"Бүгін ойға келген заттарды жасайтын күнім. Тіпті осы суреттерде тұрып та, жатып та түстім. Ал, туған күніңмен, Мадикош! Осы Мәдинаға өмірінде тағы не жетпейді деп ойлайсыздар? Ойларыңыз бен тілектеріңізді жаза кетіңіздер", – деп жазды әнші.

Сондай-ақ әнші жеке мерекесіне орай белсенді оқырмандарына ақшалай шашу үлестіретінін айтып, көңілін білдірді.

Желі қолданушылары мен өнердегі әріптестері жазбаға пікір қалдырып, Мәдина Сәдуақасованы туған күнімен жарыса құттықтауда. Оқырмандар әншіге зор денсаулық, шығармашылық табыс және отбасылық бақыт тілеп, жылы лебіздерін жаудырып жатыр.

Войдите, чтобы оставить комментарий