Өнерімен жұртты тамсандырған Ақылбек Жеменей небәрі 200 теңгеге ән айтты (ВИДЕО)
Әлеуметтік желіде әнші Ақылбек Жеменейдің бала күнгі видеосы таралды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Видеодан әншінің өзімен қатарлас баламен бірге ән айтып жатқанын көруге болады. Үлкендер олардың өнеріне тәнті болып, қошемет білдірген. Тіпті, жиналғандардың бірі әмиянынан екі жүз теңге алып, Ақылбек Жеменейдің қалтасына салып берген.
Видео авторының айтуынша, бұл видео 1995 жылы түсірілген. Сондықтан 200 теңгенің құны қазіргідей емес екені айтпаса да түсінікті.
«200 тенге көп ақша ғой ол кезде қазіргі 2000», «200 теңгеге бір тай алатын кез ғой», «Ол кезде 200 теңгеге 6 сотық жер алғанбыз», «Манты, бәліш ол кезде 5 теңге еді ғой», - деп жазды желі қолданушылары.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
16.10.2026
23:09
Ресейде қазақстандық автобус жүргізушісі ұсталды
16.10.2026
22:00
Іш киімін шешіп, балалар арбасына дәрет сындырм...
16.10.2026
21:48
Қызылордада көлік қағып, қаза тапқан 5 айлық сә...
16.10.2026
21:10
Резонансты іс қайта қаралды: Алматының бұрынғы ...
16.10.2026
20:34
Қазақстанда 2027 жылға діни мерекелердің күнтіз...
16.10.2026
19:59
Қазақстан Орталық Азиядағы әуе тасымалы нарығын...