Оңтүстік Кореяда қазақстандық көз жұмды

01.10.2026 • 11:20 Әсел МҰРАТ
Оңтүстік Кореяда қазақстандық көз жұмды
296
Фото: ашық дереккөз

Сеулдегі құрылыс алаңында Қазақстан азаматы қаза тапты, деп хабарлайды Politico.kz. 

Ақпаратты тілшімізге еліміздің сыртқы істер министрлігі растады. СІМ мәліметінше, қазақстандық жазатайым оқиға салдарынан көз жұмған.

«Қазіргі уақытта Корея Республикасының құзырлы органдары оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу жұмыстарын бастады. Қазақстандық дипломаттар марқұмның туыстарымен байланыс орнатып, оларға консулдық-құқықтық көмек көрсетіп жатыр», – делінген хабарламада.

Оқиғаның мән-жайын Кореяның органдары анықтап жатыр. Оңтүстік Кореяның ақпарат құралдарының жазуынша, оқиға 29 қыркүйекте болған. Ер адам ғимараттың 23-қабатында болған, бетоннан жасалған төбенің бір жағы құлаған. 

Осы оқиғадан кейін Оңтүстік Кореяның еңбек министрлігі құрылыс нысанындағы жұмысты тоқтатқан.

Войдите, чтобы оставить комментарий