"Оның деңгейіне түскім келмейді": Мөлдір Мұқанова әнші Бақыт Тұрманға жауап қайтарды

18.12.2025 20:07 Берік Арманов Берік Арманов
0
211
Коллаж: turkystan.kz

Әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың бұрынғы әйелі Мөлдір Мұқанова әнші Бақыт Тұрманованы «Әзіл әлемі» сахнасына шығармай қойғаны туралы қауесетке жауап берді, деп хабарлайды POLITICO.KZ turkystan.kz-ке сілтеме жасап.

Оның айтуынша, әншінің танымал болу және болмауы өзіне және бағына байланысты, сондықтан өзгеге ренжудің қажеті жоқ.

«Менің оған жаным ашиды. «Әзіл әлемінде» әншілермен мен жұмыс істедім. Сәкен Майғазиев, Мейрамбек Беспаев, Бибігүл Төлегенова сынды әртістерді шақырғанда әуежайдан қарсы алып, жағдайын жасаймын. Тұрсынбекке әрдайым «Сен биіксің, сенің «Әзіл әлемің» жоғары деңгейінен түспеуі керек. Оған тек танымал адамдар қатысуы керек» дедім. «Мені сахнаға шығармай қойды» деп айтқан екен. Тіпті «Бақытты сахнаға шығаратын болсаң, мен сенімен ажырасымын» деп айтқан, ақыры ажырасты ғой» деген екен. Бәрі бағына орай ғой, біз қолымыздан келгенін жасадық, ол кісіні де сахнаға өнер көрсетуге шақырдық. Жаным ашып, Тұрсынбекке: «Осы сахнада бағы жанып, танымал болып кетсе, шықсын» дедім. Егер ол танымал болмаса, бағы жанбаса, оны әнші ретінде шақырмаса, не үшін жұртқа ренжиді? Тұрсынбек пен Мөлдірге ренжудің қажеті қанша? Баланың тірлігі сияқты, мен оған жауап беріп, оның деңгейіне түскім келмейді», – деді Мөлдір Мұқан «Тек қана қыздар» подкастына берген сұхбатында

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий