Оқушы мұғалімге пышақпен шабуыл жасады

Оқушы мұғалімге пышақпен шабуыл жасады
pexels.com

Германияның Эссен қаласындағы колледжде оқушы мұғаліміне пышақпен шабуыл жасап, оны жаралады. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады.

Оқушы ұсталды, полиция оқ атуға мәжбүр болды.

Құқық қорғау органдары күдіктіні ұстау кезінде қаур қолданған.  Нәтижесінде шабуыл жасаған оқушы жарақат алып, қазіргі уақытта медициналық көмек көрсетілуде. 

Ал пышақ жарақатын алған мұғалімге жедел медициналық көмек көрсетіліп, ол ауруханаға жеткізілген. 

Оқиға туралы Германия полициясы ресми түрде "X" әлеуметтік желісінде мәлімдеме жасап, жағдайды растады.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу