Оқушылар қысқы демалыста 10 күн демалады
Екінші тоқсанның аяқталуына санаулы күндер қалды, ал мектеп оқушылары үшін қысқы каникул 2025 жылдың 29 желтоқсаны мен 2026 жылдың 7 қаңтарын қоса алғанда он күнге созылады, деп хабарлайды Politico.kz.
Бұл ақпаратты Оқу-ағарту министрлігі баспасөз қызметі таратты. Ведомство мәліметінше, қысқы демалыс кезеңінде оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мен олардың жеке тұлғалық дамуына ерекше мән беріледі.
Осы мақсатта «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында мектептерде және қосымша білім беру ұйымдарында білім беру, спорттық, мәдени және шығармашылық бағыттағы түрлі іс-шаралар өткізу ұсынылған.
Сонымен қатар министрлік қысқы каникул кезінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге баса назар аудару қажеттігін атап өтті. Ата-аналармен бірлесе отырып, жол-көлік жарақаттарының алдын алу, мектептің ішкі тәртібін сақтау, қоғамдық қауіпсіздік, үйдегі өрт қауіпсіздігі және киберқауіпсіздік мәселелеріне ерекше көңіл бөлу қажет екені ескертілді.
Соңғы жаңалықтар