Орал әуежайында Қазақстанды балағаттаған ресейлікке айыппұл салынды
Орал әуежайында Қазақстанды балағаттаған 52 жастағы Ресей азаматына айыппұл салынды. Сот оған 20 АЕК (86 500 теңге) мөлшерінде айыппұл тағайындады, деп хабарлайды Politico.kz.
Көліктегі полиция департаментінің мәліметінше, ер адам Стамбұлдан Оралға ұшып келген. Ол паспорттық бақылау кезінде Қазақстан туралы қорлайтын сөздер айтқан.
Полиция қызметкерлері ер адамды ұстап, кезекші бөлімге жеткізді. Оған қатысты ұсақ бұзақылық бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
Сот Ресей азаматын кінәлі деп танып, айыппұл төлеуге міндеттеді. Полиция оған Қазақстан заңдарын түсіндіріп, мұндай әрекетті қайталамау туралы ескерту жасады.
Еске салайық, бұған дейін оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тараған болатын. Видеоны жариялаған әйелдің айтуынша, ер адам паспорттық бақылау кезегінде тұрып, Қазақстанда барлық мәселе дөрекі сөзбен айтқанда, дұрыс шешілмейтінін мәлімдеген.
БАҚ мәліметінше, осыдан кейін әйел полицияға арыз жазып, шетел азаматына шара қолдануды сұраған.
Соңғы жаңалықтар