Оралда әйелін 19 жерінен пышақтап өлтірген ер адамға үкім шықты

31.10.2025 17:47 Айсұлу Мұрат
Оралда әйелін 19 жерінен пышақтап өлтірген ер адамға үкім шықты
0
109
istock

Батыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Теректі ауданының 32 жастағы тұрғыны Сырымбек Сайлауға қатысты үкім жарияланды, деп хабарлайды POLITICO.KZ

 Оған Қылмыстық кодекстің «Айрықша қатыгездікпен жасалған кісі өлтіру» және «Адам өлтіруге оқталу» бабы бойынша айып тағылған. Үкімді алқабилер шығарды.

Еске салайық, қайғылы оқиға 28 мамыр күні Теректі ауданының Шаған ауылында болған. Айыптау актісіне сәйкес, сотталушы бұрынғы әйелін өз туған інісімен бірге ұстап алған. Қызғаныштың әсерінен ол әйелді айрықша қатыгездікпен өлтіріп, інісін өлтіруге оқталған.

Алқабилердің шешімімен Сырымбек Сайлауға екі бап бойынша кінәлі деп танылды. Оған орташа қауіпсіздік деңгейіндегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде 16 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сонымен қатар, ол марқұмның туыстарына 10 миллион теңге моральдық өтемақы төлеуге міндеттелді.

Жазасын өтеу орны ретінде орташа қауіпсіздік мекемесі таңдалды, себебі Сайлауов бұрын сотталмаған, қылмыс қайталау дерегі жоқ.

Сотталған Сайлауов алқабилердің үкімімен келіспейтінін айтты, себебі олардың көпшілігі әйелдер болғандықтан, өзіне әділетсіз көзқарас танытқан болуы мүмкін деп санайды.

Айта кетейік, қаза болған әйелдің артында үш кішкентай бала қалды. 

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий