«Жәннатқа жолдама 7000 доллар тұрады»: Әйгілі коуч Жанәділ Раймбекова күтпеген мәлімдеме жасады (ВИДЕО)

«Жәннатқа жолдама 7000 доллар тұрады»: Әйгілі коуч Жанәділ Раймбекова күтпеген мәлімдеме жасады (ВИДЕО)
Видеодан кадр
Ораза қарсаңында коучтің «жәннатқа жолдама» туралы мәлімдемесі қоғамда резонанс тудырды

Ораза айы қарсаңында отбасылық коуч, журналист әрі блогер Жанаділ Райымбековтің мәлімдемесі қоғамда қызу талқыға түсті. Ол әлеуметтік желіде кез келген адам 7000 АҚШ долларын төлеп, «жәннатқа жолдама» ала алатынын айтқан, деп хабарлайды Politico.kz.

Бұл пікір көпшілік арасында түрлі реакция туғызды. Әлеуметтік желі қолданушылары оның сөзін сынға алып, діни ұғымдарды қаржылық ұсыныспен байланыстыру орынсыз екенін жазуда.Айта кетейік, бұған дейін Жанәділ Райымбеков жыныстық жолмен берілетін инфекциялар тек әйелдер арқылы таралады деген даулы пікір білдірген еді. Бұл мәлімдеме де қоғам тарапынан сынға ұшыраған.

Сонымен қатар, блогердің қатысуымен Алматы қаласының Қоғамдық даму басқармасының қолдауымен кездесулер өткен.

Желі қолданушылары жиналған қаражаттың заңдылығын тексеру қажет екенін айтып, бұл мәселеге Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі назар аударуы тиіс деген пікір білдіруде.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу