​«Арада тура 32 жыл өтті»: Әли Оқапов марқұм әкесімен болған естелігін ұлымен қайталағанын айтты

13.10.2026 • 11:11 Мөлдір ҚАЙНАР
​«Арада тура 32 жыл өтті»: Әли Оқапов марқұм әкесімен болған естелігін ұлымен қайталағанын айтты
73
Фото: әлеуметтік желі

Әнші Әли Оқапов Instagram желісінде оқырмандарының жүрегін тебіренткен жазба қалдырды. Өнер иесі Дубай қаласына алғаш рет үш жасында марқұм әкесі Тасқын Оқаповпен бірге келгенін есіне алды, деп хабарлайды Politico.kz.

Арада тура 32 жыл өткен соң дәл осы сапар қайталанып, әншінің Дубайға өзінің үш жасар ұлы Зейінмен бірге баруы бұйырған екен.

«Мен Дубайға дәл осы ұлымның жасында әкеммен бірге келгенмін. Сол сапар әлі күнге дейін есімде. Әкемнің жанымда болғаны, бірге өткізген сәттеріміз... Бала кезімдегі сол естеліктер жадымда анық сақталыпты. Ал бүгін мен өз ұлыммен Дубайға қайта келдім. Ең қызығы, ұлым сол кезде мен қандай жаста болсам, қазір сол жаста. Оған қарап отырып, кейде өзімді кішкентай бала кезімді көргендей боламын. Бір кездері әкемнің жанында жүрген бала едім, ал бүгін өзім әкемін. Уақыттың қалай тез өтетінін осындай сәттерде ерекше сезінеді екенсің. Кезінде әкеммен бірге жинаған естеліктерімнің енді ұлыммен жалғасып жатқаны — мен үшін баға жетпес сезім» деп ағынан жарылды Әли Оқапов.

Өнер иесі уақыттың көзді ашып-жұмғанша зымырап өтіп жатқанын, бала күнгі тәтті шақтардың бүгінде өз ұрпағының қылықтарынан қайта көрініс тауып жатқаны жүрекке ерекше жылу сыйлайтынын жеткізді.  

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Войдите, чтобы оставить комментарий