Өскеменде көлік ұрлығы екі адамның өмірін жалмады
Өскемендегі жантүршігерлік жол апаты екі адамның өмірін қиды
Өскемен қаласында көлік ұрлығы адам өліміне әкелген ірі жол-көлік оқиғасымен аяқталды, деп хабарлайды Politico.kz.
Қайғылы жағдай салдарынан екі жүргізуші де оқиға орнында көз жұмды. Шығыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 35 жастағы ер адам Honda Inspire автокөлігін заңсыз айдап кеткен. Ол Малдыбаев көшесімен Аблакетка жағынан қала бағытына қарай қозғалып келе жатып, қарсы жолаққа шығып кеткен.
Сол сәтте қарсы бағытта келе жатқан Mercedes-Benz көлігімен бетпе-бет соқтығысқан. Соққының қатты болғаны соншалық, екі жүргізуші де сол жерде қаза тапты. Ал Mercedes көлігінің жолаушысы түрлі жарақаттар алып, ауруханаға жеткізілді.
Қазіргі таңда аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Тергеу амалдары жүргізілуде.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
27.10.2026
18:49
Айсултан Сейітов пен A$AP Rocky-дің жаңа клипі ...
27.10.2026
18:16
28 қазан, сағат 11:00: Тоқаев халыққа үн қатады
27.10.2026
17:56
«Бүгін жігіттерде той»: «Жігіттер» тобының әнші...
27.10.2026
17:25
Астанаға әкім, федерацияға президент: Жеңіс Қас...
27.10.2026
17:21
Тоқаев ертең халыққа жолдау жасап, Түркияға ұшады
27.10.2026
17:15
«Күліп жүрші, саған жарасады»: Олжас Абай жары ...