“Өз өмірін қатерге тікті”: Атырауда мешіт ұстазы баланы ажалдан арашалады

18.09.2026 21:48 Қарақат АСЫЛОВА
“Өз өмірін қатерге тікті”: Атырауда мешіт ұстазы баланы ажалдан арашалады
389

Атырауда «Парасат» мешітінің ұстазы Сержан Тұрақбайұлы Жайық өзеніне ағып кеткен сегіз жастағы баланы құтқарып қалды, деп хабарлайды Politico.kz.

Оқиға туралы хабарды ести сала Сержан Тұрақбайұлы басқа азаматтармен бірге өзенге түсіп, баланы іздеуге кіріскен. Көп ұзамай олар баланы судың астынан тауып, жағаға алып шыққан.

Ұстаз балаға дереу алғашқы медициналық көмек көрсеткен. Біраз уақыттан кейін бала есін жиып, қайтадан тыныс ала бастаған.

Осы жағдайдан кейін Индер ауданы әкімінің міндетін атқарушы Фархат Шахметов қиын сәтте адам өмірін құтқаруға атсалысқан азаматтарды қабылдап, оларға алғысын білдірді.

Ерлік көрсеткен азаматтардың қатарында «Парасат» мешітінің ұстазы Сержан Тұрақбайұлы да бар. Оған Индер ауданы әкімінің атынан Алғыс хат табысталды.

Войдите, чтобы оставить комментарий