"Өзі сұрап алған": Еркебұлан Тоқтардың мемлекеттік атақты не үшін алғаны белгілі болды
Актер, ережесіз жекпе-жек шебері Еркебұлан Тоқтардың «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атанғаны көптің қызу талқысына ұшырады. Бұл атақтың берілуінің өз себебі бар болып шықты. Бұл туралы журналист Нұрсұлтан Құрман «1bol» подкстында айтты, деп хабарлайды Politico.kz
«Еркебұланның феноменіне қарасаң, «Өнер барысында» актер Аян Өтепбергеннен ұтылып қалып жүрген жігіт қой. Актерлікте де өзін шыңдады. Былайша айтқанда, өзін монктизациялай алды. Әр адам өз-өзіне, өзін дамытуға жұмыс істеуі қажет екенін дәлелдеді, – Нұрсұлтан Құрман.
Сонымен қатар бұл атақтың берілуінің өз себебі бар екені де айтылды.
«Еркебұланды «Зор» фильміне кастингке келген кезінен бері білемін. Содан бері өте көп шаруа атқарды. Ал атаққа келсек, өзі АҚШ-та жұмыстары бар екенін, мемлекеттік сыйлық жұмыс визасын алу процесін жеңілдету үшін керек екенін айтқан», - деді ол.
Бұған дейін актердің өзі сыни пікірлерге жауап берген.
«Марапатты сұраған жоқпын. Келіп-кетіп жатқан пайдасы жоқ. Мемлекеттен жеңілдік, ақша алмаймын. «Үкіметтен ақша алады» деп ойлайды. Бір тиын алмаймын, керегі де жоқ. Марапат берілді, алдым. Қуанышты болдым, өте үлкен марапат. Лайықпын па, лайық емеспін бе, ол жағын берген адам шешеді», – деді актер Еркебұлан Тоқтар Аман Тасығанға берген сұхбатында.
Соңғы жаңалықтар